Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Маңғыстау облысында шұбат өндіретін заманауи цех іске қосылды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 14:55
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Маңғыстау облысында шұбат өндіретін заманауи цех іске қосылды

Кәсіпорын түйе сүті өндірісінің толық циклын атқарады

QazMonitor Logo
ҚР АШМ
ҚР АШМ

Маңғыстау облысындағы «Қарағантүбек» серіктестігі түйе сауу және өңдеу бойынша жаңа цехты іске қосты. Жобаның жалпы құны – 600 млн теңге.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа нысанның басты артықшылығы – сауу процесі толық автоматтандырылған. Есесіне өнім сапалы әрі гигиеналық талаптар талапқа сай болады. Қондырғылар Германиядан әкелінген және заманауи халықаралық азық-түлік өнеркәсібі стандарттарына толық сәйкес келеді.

Аймақтың климаттық ерекшеліктері мен су тапшылығына байланысты кәсіпорын өзіне қажетті суды дербес жүйе арқылы қамтамасыз етуді ұйғарған. Осы мақсатта 150 метр тереңдікте ұңғыма бұрғыланған, ал алынған су көп сатылы сүзу және тазарту жүйесінен өтеді.

Дереккөз: ҚР АШМ

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.