Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазақстан көміртек пен метанды азайту технологияларын енгізеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 10:24
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан көміртек пен метанды азайту технологияларын енгізеді

Елдегі парниктік газдарды азайтуға арналған 22 жол картасы бекітілген

Руслан Пряников
Руслан Пряников

Қазақстан көміртексіз экономикаға көшу стратегиясын жеделдетіп, ірі өндіріс нысандарында көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS) технологиялары мен метан шығарындыларын азайту шараларын енгізуге кірісті. Бұл қадам елдің тек Париж келісімі бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға ғана емес, сонымен қатар орнықты экономикалық өсімді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың сөзінше, Қазақстан көміртексіз экономикаға көшуге ниетті. Оның ішінле ең қолжетімді технологияларды енгізіп, І санаттағы нысандардың экологиялық әсерін төмендетуді көздейді. Осы ретте энергетикалық нысандардағы ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған технологиялық және өтемдік шараларды көздейтін 22 жол картасы бекітілгенін атап өтті.

Ведомство көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS) технологияларын енгізу, сондай-ақ метан шығарындыларын азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Мәселен, 2022–2025 жылдарға арналған ұлттық көміртек квоталарын бөлу жөніндегі қолданыстағы жоспар жыл сайын шығарындыларды 1,5%-ға төмендетуді көздейді, ал 2026–2030 жылдарға арналған жоспар жобасында 2025 жылғы деңгейден 10,2–22,9%-ға дейін қысқарту көзделген.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.