2025 жылы белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін Mansap Kompasy платформасы іске қосылып, тестілеуден 7-11-сыныптарда оқитын 28 мыңнан астам оқушы өтті.
Тестілеу қорытындысы бойынша жүйе мамандық таңдау жөнінде жеке ұсыныстар қалыптастырып, сәйкес мамандықтар мен дағдыларды игеру мүмкіндіктері туралы қосымша аналитикалық ақпарат ұсынады.
Mansap Kompasy платформасында экономиканың 16 бағыты бойынша сұранысқа ие 730-дан астам мамандық туралы мәлімет бар. Сонымен қатар, платформа Skills Enbek жүйесімен біріктірілген, бұл пайдаланушыларға өз құзыреттерін дамыту және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында онлайн-курстарды таңдауға мүмкіндік береді.
«Mansap Kompasy жас буынға өз жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берсе, мемлекетке кадрларды даярлау мен дамытуды дәлірек жоспарлауға көмектеседі», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Ернат Жүнісов.