Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Бірнеше өңірде атаулы жалақы көлемі өскен
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 17:32
1 минут - оқу уақыты

Бірнеше өңірде атаулы жалақы көлемі өскен

Қай өңірлерде және салаларда орташа атаулы жалақы көлемі өскен жарияланды

QazMonitor Logo
Руслан Пряников
Руслан Пряников

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өңірлер бойынша 2024 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың IIІ тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының айтарлықтай өсіп, Жетісу облысында – 18,1%-ға, Алматы қаласында – 15,9%-ға, Астана қаласында – 13%-ға, Павлодар облысында – 12,4%-ға және Ақмола облысында - 11,7%-ды құрады.

2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең көп өсуі ақпарат және байланыс – 21,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 18,4%, көлік және жинақтау – 17,6% салаларында байқалды.

Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 11,0%-ға өсті, оның ішінде сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 15,5%-ға, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 14,5%-ға өсті. 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, құрылыс саласында – 2,5%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаласында – 5,0%-ға және тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету 6,2%-ға байқалды.

Салалық құрылымда орташа республикалық деңгейден жоғары ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді қазуда – 2,1 есе, ақпарат және байланыста – 1,9 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде 1,5 есе жоғары болып тіркелді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.