Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақтөбе облысында қолжетімді азық-түлік қоры жасақталды
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 15:59
1 минут - оқу уақыты

Ақтөбе облысында қолжетімді азық-түлік қоры жасақталды

Өңірдің азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді

Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының тұрғындарын күзгі-қысқы және көктемгі маусымдарда қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін облыстық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге бөлінді.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін толық қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына 9 024 тонна картоп, 2 078 тонна сәбіз, 1 477 тонна пияз, 2 169 тонна қырыққабат жеткізілді.

Барлық өнім қоймаларға жөнелтілмес бұрын сұрыпталып, ұзақ мерзімді сақтауға дайындалады. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың сапасы мен бағасының тұрақтылығына ауыл шаруашылығы өндірушілері жауапты, ал қордың қалыптасуы мен жұмысына бақылау жүргізу «Ақтөбе» ӘКК-не жүктелген.

Бұл шаралар маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.