Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2025 жылы тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыған. Оның 1,8 млн гектары бойынша 1 286 ұйғарым берілсе, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.
Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді. Оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.
Дереккөз: ҚР АШМ