Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Аңсаған сәби» бағдарламасы: Қазақстанда 11 мыңнан астам бала өмірге келді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 08 қараша, 2025 | 12:04
1 минут - оқу уақыты

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: Қазақстанда 11 мыңнан астам бала өмірге келді

Елімізде репродуктивтік технологиялар дәуірі 1995 жылы басталды

www.gov.kz
www.gov.kz

30 жылда Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру көмегімен 45 мың бала дүниеге келген. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының XVII Халықаралық конгресінде айтты.

Вице-министрдің мәліметінше, соңғы онжылдықтарда Қазақстан репродуктивтік медицина саласында елеулі жетістіктерге жеткен. Елде қосалқы репродуктивтік технологиялар дәуірі 1995 жылы басталып, осы уақытқа дейін ЭКҰ бағдарламаларының арқасында шамамен 45 мың бала дүниеге келген.

Қазір Қазақстанда 32 ЭКҰ орталығы жұмыс істейді, олардың 19-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде қызмет көрсетеді, соның ішінде үш мемлекеттік орталық бар – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Акушерлік, гинекология және перинатология ұлттық ғылыми орталығы, сондай-ақ Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығы.

«Біздің клиникалар Орталық Азия елдерінің мамандары үшін тәжірибе мектебіне айналды. Қазақстандық репродуктологтардың жетістіктері еліміздің шегінен тыс жерлерде де кеңінен танымал», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Еске салсақ, 2021 жылдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 11 мыңнан астам бала өмірге келді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.