Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Google салығы»: Шетелдік интернет-платформалар Қазақстанға 118,4 млрд теңге төледі
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 06 қараша, 2025 | 10:47
2 минут - оқу уақыты

«Google салығы»: Шетелдік интернет-платформалар Қазақстанға 118,4 млрд теңге төледі

Биыл салық төлеушілер қатарына шетелдік 20 компания қосылды

QazMonitor Logo
Qazaqstan Monitor: «Google салығы»: Шетелдік интернет-платформалар Қазақстанға 118,4 млрд теңге төледі

Қазақстанда цифрлық қызметтер салығы енгізілгелі бері шетелдік интернет-компаниялар бюджетке 118,4 млрд теңге аударды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазіргі күні Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар. 2025 жылы тағы 20 компания қосылды. Олардың ішінде: Chess.com шахмат әуесқойларына арналған халықаралық платформасы, ChatGPT сервисінің әзірлеушісі OpenAI, L.L.C, Canva Pty Ltd. онлайн-дизайн платформасы; Microsoft компаниясының бөлімшесі Microsoft Ireland Operations Limited, кәсіби велосипед өндірушісі Canyon Bicycles GmbH бар.

«Салық қолданылғаннан бері шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның 48,6 млрд теңгесі 2025 жылы түсті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көп», - делінген комитет ақпаратында.

2025 жылғы ең ірі ҚҚС-ты Valve Corporation 8,6 млрд теңге, Apple 8 млрд теңге және Temu 6,2 млрд теңге төлеген.

Комиетет осындай цифрлық қызметтер салықтары көптеген дамыған елдерде қолданылатынын еске салды. Мәселен, ЕО-да бірыңғай e-VAT жүйесі, Ұлыбритания, Үндістан, Канадада арнайы цифрлық салықтар және Австралия, Жапония, Сингапурде шетелдік компанияларға арналған жеңілдетілген онлайн-тіркеу бар. Сонымен қатар Өзбекстан 2020 жылдан бері шетелдік цифрлық қызмет жеткізушілерден 12% ҚҚС алады, ал Қырғызстан үш жыл бұрын ұқсас режимді енгізсе, Ресей былтырдан бері резидент емес компаниялардың цифрлық сервистеріне 18% ҚҚС белгілеген.

Бұл тұрғыда Қазақстанның моделі ЭЫДҰ ұсынымдарына және жаһандық үздік тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Цифрлық ҚҚС» енгізу Қазақстанға цифрлық саланы тиімді реттейтін елдер қатарына қосылуға мүмкіндік берді. Бұл шешім бюджет түсімдерін ұлғайтты, шетелдік компаниялардың қызметін ашық етті және қазақстандық ІТ-кәсіпорындар үшін бәсекелестік жағдайларын теңестірді», - деп қосты комитетте.

Еске салсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандық пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларды салық салу тетігі қолданыла бастады. Бұл тетік тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін жаһандық онлайн-платформаларға (B2C форматы) қатысты. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын (ҚҚС) 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті. Бұл шара отандық және шетелдік цифрлық қызметтер жеткізушілері үшін әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыруға бағытталған. Бұл салық халық арасында «Google салығы» деген бейресми атауға ие болды.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.