Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Алматы әуежайы 2050 жылға қарай жолаушыларды 5 есе артық қабылдай алады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 қараша, 2025 | 10:46
1 минут - оқу уақыты

Алматы әуежайы 2050 жылға қарай жолаушыларды 5 есе артық қабылдай алады

Бүгінгі таңда әуе айлағын дамытуға 260 млн доллар салынған

Qazaqstan Monitor: Алматы әуежайы 2050 жылға қарай жолаушыларды 5 есе артық қабылдай алады

Алматы әуежайы Horizon даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2050 жылға қарай 4,6 есе артық жолаушыларды қабылдай алады. Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңғырту жұмыстары 2050 жылға қарай әуежайдың жыл сайынғы өткізу қабілетін 55 млн жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, ҚР-да авиатасымалдау көлемінің 70%-ын қамтамасыз етеді», - делінген үкіметтің Алматы әуежайын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесінің қорытындысы бойынша хабарламада.

Әуежайға иелік ететін TAV Airports Holding компаниясының бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе берген мәліметтер бойынша, бүгінде ішкі рейстер терминалы қайта жаңартылуда, ұшақтардың мұздануына қарсы заманауи платформа құрылып, жақын маңдағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау және басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жалпы алғанда, тұжырымдама негізгі ұшу-қону жолағын толық қайта жаңартумен үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйе құруды, жүк перронын, логистикалық және қойма кешендерін, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылымды салуды көздейді.

«TAV Airports Holding басшылығы бүгінгі таңда $260 млн доллар салынғанын хабарлады және жобаның барлық кезеңдерін жедел орындау үшін әуежай кірісін одан әрі реинвестициялауға дайын екенін растады», - делінген баспасөз хабарламасында.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.