Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде еліміздегі заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды. Инновациялық зертхана студенттердің инженерлік және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Fab-Lab (Fabrication Laboratory) – әлемнің жетекші оқу орындары қолданатын цифрлық өндіріс зертханалары желісінің халықаралық форматы.
Зертхана робототехника, 3D модельдеу және 3D басып шығару, жасанды интеллект секілді негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді.
Жаңа орталық студенттерге теорияны тәжірибемен ұштастырып, өз идеяларын іске асыруға, өнеркәсіп пен IT саласына қажетті жобалар әзірлеуге жол ашады.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігі