Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
QazMonitor Logo
Facebook Qazmonitor iconInstagram Qazmonitor iconTiktok Qazmonitor iconTwitter Qazmonitor iconTelegram Qazmonitor iconYoutube Qazmonitor iconRSS
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Smeta Hub: жосықсыз мердігерлердің жолын кеседі
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 19 қараша, 2025 | 15:51
2 минут - оқу уақыты

Smeta Hub: жосықсыз мердігерлердің жолын кеседі

Қарағанды облысында жөндеу саласына арналған мобильді қосымша іске қосылды

QazMonitor Logo
Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағанды облысының әкімдігі

Smeta Hub қазақстандықтарға жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, смета жасауға және мердігерлердің жұмысын бақылауға көмектесетін сервис. Бұл мүмкіндіктердің барлығы жасанды интеллекттің қолдауымен жүзеге асады. Қарағанды облысында әзірленген стартаптың мақсаты — жөндеу саласын барынша ашық әрі әділ ету.

Smeta Hub — жөндеуді жоспарлау және оны жүргізу барысын бақылауға арналған платформа. Жобаның туындауына оның құрылтайшысы, «А-Бизнес Қазақстан» ЖШС директоры Тимур Дұрмағанбетовтың жеке тәжірибесі әсер еткен. Ол пәтер жөндеу кезінде ақшасын алып, кейін байланыссыз жоғалып кеткен мердігерге тап болған соң мұндай сервистің қажеттілігін түсінген.

«Қазір жөндеу саласындағы алаяқтыққа көптеген адамдар ұшырайды. Құрылыс нарығында ашықтық жетіспейді, тұрғындар сметаның қалай құрылатынын білмейді, осының салдарынан түрлі дау-дамайлар туындайды. Сондықтан біз жобаға тапсырыс берушілер мен мердігерлерге ортақ пайдалы құралдарды біріктіруді мақсат еттік», – дейді Тимур Дұрмағанбетов.

Smeta Hub бастапқыда ішкі pet-жоба ретінде пайда болды. Команданың IT мен автоматтандыру саласындағы тәжірибесі жөндеу құнын алдын ала есептейтін, толық смета жасайтын және жұмыстарды кезең-кезеңімен жоспарлауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны жасауға жол ашты. Қосымшаның негізгі бөлігінде шығындарды оңтайландырып, тараптардың мүддесін қорғауға бағытталған жасанды интеллект жүйесі жұмыс істейді.

«Біз адал және нақты жөндеу мәдениетін қалыптастыруға күш салып жатырмыз. ЖИ түсінбеушіліктерді азайтып, нақты жұмыс көлемін анық көрсетеді және даулы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Болашақта қауіпсіз мәміле функциясын енгізуді жоспарлап отырмыз — ол тапсырыс берушіні алаяқтықтан, ал жұмыс бригадасын еңбекақының төленбеуінен қорғайды», – дейді Тимур.

Бүгінде Smeta Hub — тапсырыс беруші мен мердігерді байланыстыратын әмбебап платформа. Қосымша үш негізгі бағытты қамтиды: смета әзірлеу, тапсырмаларды басқару және тексерілген бригадаларды табу. Сервис толықтай тегін және Google Play мен App Store дүкендерінде қолжетімді.

«Қазір біз пәтер жөндеу қызметтері сегментінде жұмыс істейміз, алайда жобаның әлеуеті әкімшілік, өндірістік және мемлекеттік нысандарға да таралуға мүмкіндік береді», – дейді жоба авторы.

Жақын уақытта қосымшаға жұмыс кестесін жасау және оны бақылау үшін ыңғайлы құрал енгізілмек.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.