Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Astana Hub бренд қалыптастыру туралы жаңа курсты іске қосты
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 14 қараша, 2025 | 10:26
1 минут - оқу уақыты

Astana Hub бренд қалыптастыру туралы жаңа курсты іске қосты

Курс жасанды интеллект көмегімен мықты бренд қалыптастыруды үйретеді

DC Studio / Freepik
DC Studio / Freepik

Қазақстандықтар жасанды интеллек көмегімен жеке бренд, бизнес және шығармашылық жобаларын дамытуды үйрене алады.

Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен Цифрлық индустриялар академиясы бірлесіп, «Нейрожелілерді пайдалана отырып, бренд қалыптастыру» атты білім беру жобасын іске қосты.

Жаңа оқу бағдарламасы төрт апта бойы онлайн форматта өтеді және 20 бейнесабақтан тұрады. Формат қатысушыларға өзіне ыңғайлы уақытта оқуға және жұмыспен немесе оқуымен қатар үйлестіруге мүмкіндік береді. Курс бастапқы деңгейдегі мамандар, дизайнерлер, маркетологтар мен кәсіпкерлерге арналған. Әр сабақта нақты кейстер талданып, қосымша материалдар ұсынылады. Осылайша, қатысушыларға өз жұмыстарында қолдануға болатын нақты құралдар ұсынылады.

Ұйымдастырушылар жаңа курс қазақстандықтарға технологиялар мен креатив индустриясын қалай өзгертетінін түсінуге, сонымен қатар бренд жасаудың практикалық құралдарын меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қатысушылар бренд стратегиясын әзірлеуді, визуалды жүйе құруды, түстер мен қаріптерді таңдауды, логотип жасауды, сондай-ақ Midjourney, ChatGPT және Canva AI сияқты нейрожелілерді идеялар, визуалдар мен мокаптар генерациялау үшін пайдалануды үйренеді.

Сонымен қатар қазіргі креатив индустрияны өзгертетін ЖИ құралдарға арнайы модуль арналған. Курс соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

Еске салсақ,Astana Hub бұған дейін «ЖИ негіздері: ChatGPT», «Деректерді талдау және Python негіздері», «Промпт-инжиниринг негіздері» және QazCoders сынды серіктестік онлайн-курстарды өткізген болатын.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.