Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. 107 елде қолданылады: Дуолингодан озған отандық Aleem қосымшасының артында кім тұр
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 12 қараша, 2025 | 15:32
2 минут - оқу уақыты

107 елде қолданылады: Дуолингодан озған отандық Aleem қосымшасының артында кім тұр

Алдағы уақытта қосымшада видео көріп, кітап оқу мүмкіндігі енгізіледі

Коллаж QazMonitor
Коллаж QazMonitor

Қазақстандық жастардың әзірлеген қосымшасын үш күн ішінде 100 000 қолданушы жүктеп, рекорд орнатты. Жасанды интеллект негізінде ағылшын тілін үйренуге арналған қосымша биыл қараша айының басында іске қосылған.

Қазақстандық жастардан құрылған топ шет тілін үйренуге арналған қосымша әзірледі. Атап айтқанда командада ағайынды Асылжан мен Ален Алтай, Алидар Кучуков, Темірлан Аманжанов, Темірлан Темірбаев, Бердібек Сапарбеков, Дінмұхамед Асаинов, Айя Жұмағалиева, Амаль Садекова қосымшаны өз қаржысына жасап, инстаграм желісінде 600 оқырман жинап, биыл қарашаның басында іске қосқан.

Үш күн ішінде 107 елден 100 000 қолданушы жүктеп, App Store-да Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда бірінші орынға, ал Ресей, Әзербайжан мен Молдавада екінші орынға шықты.

«Бізбен Қазақстан, АҚШ пен Еуропаның ірі қорлары байланысқа шығып жатыр. Қазір біз 15 миллион доллар есебімен 1,5 миллион доллар тартып жатырмыз», деді қосымша әзірлеушілері.

Аталған әзірлеме ағылшын тілін үйренуге арналған сабақтар, сөйлеу практикасы, жазу практикасы, флэш-карталардан түрады. Әзірлеушілері болашақта видео көріп, кітап оқу мүмкіндігін енгіземіз деп отыр. Өнім әзірге тек iOS лперациялық жүйесінде қолжетімді, жастар қазір Android жүйесінде жасап жатыр.

«Қазір қолданба бүкіл әлем бойынша қол жетімді. Қолданба толығымен тегін, ешқандай шектеулер жоқ. Әзірге онда ағылшын тілі тек орыс тілінде сөйлейтіндерге арналған. Жақын арада қазақ және басқа тілдердегі интерфейсті қосамыз, содан кейін қазақ, неміс, қытай, испан, француз, корей т. б. басқа тілдерді үйренеміз», деді әзірлеушілер.

Олардың сөзінше, бұл қосымшаны жасаудағы мақсат - сапалы тіл үйренуді барлығына қолжетімді ету. Осылайша, әлемдегі мұғалім мен оқулық тапшы аймақтағы қажеттілікті жабуды көздейді.

Айта кетейік, қазақстандық қосымша Duolingo қосымшасынан озып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Отандық әзірлеушілер, екі қосымшаның айырмашылығын түсірдірді.

«Дуолинго - тіл үйренуді оңай бастағысы келетіндерге арналған. ...Дуолинго қолданушыларының көпшілігі ешқашан жаңа тілде сөйлемейді. Барлығына арналған бір ғана стандартты бағдарлама бар, жекелендіру жоқ, кері байланыс жоқ. Біз қолданушыға қарай бейімделетін, бірден сапалы кері байланыс беретін және нақты нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша жасап жатырмыз. Біз білім беру жүйесін оқушылар бағдарламаларға қарай бейімделетін емес, керісінше бағдарламалар оқушыларға бейімделетіндей етіп өзгерткіміз келеді», деді олар.

11 қарашада қосымшаны 50 мың белсенді қолданушысы 137 мың сабақ өтіп, 17 мың спикинг пен 8 мың райтинг сессия өткен.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.