Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Мәдениет
  3. Қарағанды облысы аумағынан сақ жауынгерінің қабірі табылды
  1. Жаңалықтар
  2. Мәдениет
Astana, Kazakhstan • 10 қараша, 2025 | 12:52
1 минут - оқу уақыты

Қарағанды облысы аумағынан сақ жауынгерінің қабірі табылды

Жауынгердің қасына жебе ұштары мен алтын сырға жерленген

Қайныш Бұхарбай
Қайныш Бұхарбай

Қарағандылық археологтар сақ дәуіріне жататын жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады. Бір метрден асатын тереңдікте табылған ер адамның қаңқасының қасында жебе ұштары мен алтын сырға, оң қолында қола қылыш болған.

Қайныш Бұхарбай

Бұл бірегей олжаны Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологтары өткен жазда Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымын қазу кезінде тапты. №1 қорған толығымен сақталған.

Жерлеу біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларға жатады және ғалымдардың пікірінше, ол элиталы жауынгерлер өкіліне тиесілі. Ерекше назар аудартқаны – ұзындығы шамамен 30 сантиметр болатын қос жүзді тұтас құйылған қола акинак. Қару дала жыртқыш құстарының бейнелерімен өрнектелген.

Қылыштың жанынан археологтар бес металл жебе ұшын және алтын сырға тапқан. Заттардың көркемдік стилі Талды-2 қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігерлеріне ұқсайды.

Барлық табылған бұйымдар облыстық мұражайдың қорына тапсырылмақ. Ғалымдар ежелгі жерлеудің құпиясын ашу үшін металлографиялық, радиокөміртекті және антропологиялық зерттеулер жүргізуге дайындалып жатыр.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.