Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Спорт
  3. Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды
  1. Жаңалықтар
  2. Спорт
Astana, Kazakhstan • 30 қазан, 2025 | 16:20
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды

Жерлесіміз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті

Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта елордалық Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті. Жерлесіміз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.