Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 31 қазан, 2025 | 10:24
1 минут - оқу уақыты

Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі

Qazaqstan Monitor: Алматыда жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада басталды

Қазақстанда 30-31 қазан аралығында FAIO 2025 жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада өтеді. Бұл жасанды интеллект саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы болып табылады.

Биылғы іріктеу кезеңіне 9 елден 400-ден астам команда қатысты. Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр сынды елдерден жалпы саны 1200-ге жуық қатысушы бақ сынап, оның ішінде 200-ден астамы финалдық кезеңге жолдама алды.

Енді Алматы қаласында өтетін финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.

Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізілді. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.