Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қытайлық инвестор Ақмола облысында $1,5 млрд долларға дәнді дақылдарды өндеу зауытын салады
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 04 қараша, 2025 | 17:32
1 минут - оқу уақыты

Қытайлық инвестор Ақмола облысында $1,5 млрд долларға дәнді дақылдарды өндеу зауытын салады

Жоба аясында жасыл энергия көзін пайдаланатын жылу электр орталығын салынады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы Ақмола облысында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестициялап, дәнді дақылдарды терең өңдеу бойынша жоғары технологиялы агроөнеркәсіптік кешенін салады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен Қытайдың «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы өкілдерімен кездесуінен соң белгілі болды.

Тараптар Ақмола облысында жобаны іске асырудың нақты мәселелерін талқылады. Бұл маңызды қадам 2024–2025 жылдардағы екіжақты келіссөздердің заңды жалғасы болып табылады. Келісімнің негізгі іргетасы Жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел (KGIR-2025) аясында қаланды. Онда Ақмола облысы әкімдігі мен «Hopefull Grain & Oil Group» компаниясы арасында дәнді дақылдарды терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру туралы стратегиялық келісімге қол қойылды.

Компанияның еліміздегі жоба жетекшісі Яо Яо мырза қазақстандық тарапқа көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, компанияның аграрлық салада ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді дақылдарды терең өңдеуді дамыту мен отандық өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған маңызды жобаны іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», - деді АШМ вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.

Жобаның басты ерекшелігі экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды терең өңдеуге бағытталғандығы. Жалпы сомасы 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын бұл инвестиция екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жаңартылатын энергия көздерінен қуат өндіретін жылу электр орталығын салу жоспарланған. Бұл өндірістің энергияға тәуелсіздігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін шешуші қадам. Екінші кезеңде лимон қышқылы, глюкоза-фруктоза шәрбаттары, биоэтанол, малдың азықтық және ақуызды концентраттарды өндіруге бағытталған дәнді дақылдарды терең өңдеу зауытын іске қосу көзделген. Бұл өнімдер ішкі нарықты толықтырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады деп жоспарларған.

Бұдан бөлек, инвестор қажетті энергия, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген индустриялық парк құру мүмкіндігін де қарастырып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және аймақтың экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.