Қазақстанда жастардың кітап оқуға қызығушылығы артып келеді. Биыл Қазақстан кітапханаларына жыл басынан бері 37 миллион оқырман келген.
Статистика бойынша, Қазақстанның кітапханалары келушілер санының бұрын-соңды болмаған өсімін тіркеді. Оқуға деген құлшыныстың ең белсенді бөлігі 17 мен 25 жас аралығындағы жастар екені анықталды. Мәселен, соңғы бір айдың өзінде Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам жүгінген. Салыстырмалы түрде, 45 жастан асқан келушілердің саны екі мыңға жуық.
«Оқырмандар көбіне қазақ және әлем әдебиетінің классикалық және көркем шығармаларын оқығанды жөн көреді. Кітап сүйер қауым көбіне романдар, повестер мен поэзияны таңдайды», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, шамамен 3 мың адам кітапханаға алғаш рет тіркелген. Жалпы Қазақстанда 3 883 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл басынан бері ел бойынша 5,3 миллионнан астам жаңа оқырман тіркелді.
Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігі