Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 қазан, 2025 | 12:30
1 минуттан кем минут - оқу уақыты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.