Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Қызылорда Арена» спорт кешені 2026 жылдың желтоқсанында салынып бітеді
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 25 қазан, 2025 | 11:18
1 минут - оқу уақыты

«Қызылорда Арена» спорт кешені 2026 жылдың желтоқсанында салынып бітеді

Тоғыз блоктан тұратын кешенде спорт залдары, бассейн және конференц-зал орналасады

Фото: dominanta-const.kz
Фото: dominanta-const.kz

Қызылордада 2 252 көрерменге арналған көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр. Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңа нысан 9 блоктан тұрады. Онда олимпиада стандарттарына сай жүзу бассейні, футзал, баскетбол және волейбол алаңдары, сондай-ақ 150 орындық конференц-зал қарастырылған. «Қызылорда Арена» құрылысын 2026 жылдың желтоқсанында толық аяқталады делініп отыр.

Айта кетейік, Қызылордада 2025 жылдың 4 қазанында 11 мың орындық Орталық стадион ашылды. Бұл елімізде УЕФА талаптарына сай салынған үшінші стадион. Жаңа нысанның жалпы аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда жасыл алаңнан бөлек, бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары орналасқан.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.