Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Инвесторлар 1 млрд теңге салып, былғары өңдеу зауытын қайта іске қосты
  1. Жаңалықтар
  2. Жаңалықтар
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 18:32
1 минут - оқу уақыты

Инвесторлар 1 млрд теңге салып, былғары өңдеу зауытын қайта іске қосты

«ПОШ Руно» компаниясы премиум санаттағы былғары мен аяқ киім өндіреді

Фото: Руслан Пряников
Фото: Руслан Пряников

Батыс Қазақстан облысында «ПОШ Руно» былғары өңдеу кәсіпорны жұмысын қайта бастады. Үш жыл бойы тоқтап тұрған өндіріс қайта жанданды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

2025 жылдың сәуір айында ирандық инвесторлардың қолдауымен кәсіпорынды қалпына келтіру жұмыстары басталған болатын. «Persist Kazakh K&K» компаниясы жобаға 1 млрд теңге инвестиция құйды. Маусым мен қыркүйек айлары аралығында өндірістік желілерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, қызметкерлерді оқыту және логистикалық жүйені жаңарту жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын Olcina Group, Cartigliano, Invoxvic, Dueffe/Ficcini секілді жетекші еуропалық компаниялардың заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталды. Аяқ киім тігу желісіне 68 тігін машинасы орнатылды.

«2025 жылдың қазан айында кәсіпорын ірі және ұсақ қара малдың терісін өңдеуді, WET Blue және краст типтес иленген тері өндіруді, сондай-ақ люкс және жартылай люкс санатындағы ерлер аяқ киімін тігуді бастады», – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Енді зауыттың жобалық қуаты жылына 182 мың ірі қара терісін және 624 мың ұсақ мал терісін өңдеуге жетеді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында газ-химия кешенінің құрылысы басталып, оның іргетасына капсула салынған болатын. Кәсіпорын жылына 130 мың тонна метанол өндіреді деп жоспарланған. Жобаға 78,8 млрд теңге инвестиция салынады.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.