Қазақстанды жаңалықтар мен шабыт арқылы ашыңыз
  1. Басты бет
  2. Диджитал
  3. Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
  1. Жаңалықтар
  2. Диджитал
Astana, Kazakhstan • 22 қазан, 2025 | 21:04
1 минут - оқу уақыты

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық компаниялардың өнімдері жайында мәлімет берілді

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға мемлекеттік үдерістерді басқаруға және талдауға, сондай-ақ GovTech-шешімдер қабылдауға арналған AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы жөнінде баяндады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Smart City технологиялары, роботты техника аймағы, түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған Samruk-Kazyna жобалары көрсетілді.

Президенттер Astana Hub инновациялық кластерін аралап көрді. Орталықта 1800-ден астам IT-компания мен стартап, оның ішінде шетелдің үлесі бар 460-тан аса компания тіркелген.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық компаниялардың өнімдері жайында мәлімет берілді.

The Qazaqstan Monitor сайтында жарияланған мақаладағы тек 30% мәтінді бастапқы көзге міндетті гиперсілтеме берумен пайдалануға болады. Толық мақаланы қайта жариялау үшін редакциядан жазбаша рұқсат қажет.